Көкшетау - көшелері толық қазақшаланған Қазақстандағы бірінші қала
Бүгін тағы қаланың 21 көшесі қазақшаланды
Белгілі ақын, қоғам белсендісі Алмас Темірбай Көкшетау қаласындағы 21 көшенің қазақшаға өзгергенін айтып, көшелердің 98 пайызы қазақшаланғанын атап көрсетті.
Бүгін Көкшетаудың 21 көшесі қазақшаланды. Көкшетау қалалық әкімдігінде қала депутаттары мен жұртшылықпен кездесуі өтті. Соңғы он жылда қала кең, ұзын көшелерінің барлығы дерлік ауыстырылған еді.
Бүгін ауыстырылған көшелер – қалған-құтқан шолақ көшелер, 140 метрлік, 461 метрлік, 1257 метрлік көшелер. Лайықты тұлғалар бар, бірақ, атын беруге көше жоқ. Басқа ұлт өкілдерінің атындағылардан қалғандары – Пушкин, Гете, Мұса Жәлел секілді әлем классиктері.
Енді «Көкшетау – Қазақстандағы көшелері толық қазақшаланған № 1 қала» деп нық сеніммен айтуға болады!
Осы істің басы-қасында жүрген қалалық мәдениет және спорт бөліміне алғыс айтамыз!, – деді ол.
Сөйтіп, бүгін Көкшетауда мына көшелердің аттары өзгерді:
1. «Алаш арыстары» саябағы («Парк борцам за революцию») саябағы
2. Жақып Омаров саябағы (Шахмет Құсайынов атындағы қазақ драма театры алаңындағы саябақ)
3.Кәкімбек Салықов атындағы жағалау (Н.Назарбаев даңғылы бойындағы жағалау атауы)
4.Таң самалы көшесі (2 горная көшесі)
5. Ізгілік көшесі (Адам Мицкеевич көшесі)
6. Алматы көшесі – Алма-Атинская көшесі (Транскрипцияны нақтылау мақсатында )
7. Күйші Дәулеткерей көшесі (Дмитриев көшесі)
8. Керуен көшесі – (Кирветка көшесі)
9. Ғарышкерлер көшесі (Космонавтар көшесі)
10. Айыртау көшесі (Литвинов көшесі)
11. Қосман Айтмұхаметов көшесі (Т.Сүлейменов көшесінен бастап, Н.Назарбаев даңғылына дейінгі аралықтағы көше)
12. Үркер көшесі (Н.Добролюбов көшесі)
13. Көне Ботай көшесі (Никитин көшесі)
14. Шабыт көшесі (Свердлов көшесі)
15. Асу көшесі (Сопочная көшесі)
16. Тіршілік көшесі (Узкая колея көшесі)
17. Гүлдер көшесі (Цветочная көшесі)
18. Сергей Дьяченко көшесі (Челюскин көшесі)
19. Байқоныс көшесі – (Шучинская көшесі)
20. Камали Мырзахметов көшесі (Дзержинский көшесі)
21. Жанатай батыр Ақанұлы көшесі (С.Лазо көшесі)