Halyq Uni логотип
×

Атырауда ауылдасын өлтірген 8 адам 17 жылға сотталуы мүмкін

Оқиға 2021 жылдың тамызында болған

 Айнұр Асылбекқызы 07.09.2022 | 14:50
Атырауда ауылдасын өлтірген 8 адам 17 жылға сотталуы мүмкін
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат Қалбағаевтың өліміне қатысты іс бойынша жарыссөз басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Іске қатысты 29 және 30 жастағы 8 күдікті бар. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы («алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру») бойынша айып тағылған.

Сот отырысы 2022 жылдың ақпанында басталды. Қазір тараптардың жарыссөзі жалғасып жатыр.

Прокурор Нұрболат Әбілов күдіктілерді 15 жылдан 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қылмыс 2021 жылдың 8 тамызында болған. Бір топ жас жігіт Азамат Қалбағаевты үйінен өтірік желеумен шақырып алып, ауылдың шетіне алып кеткен. Сол жерде олар оны арматурамен аяусыз ұрып-соққан. Дәлірек айтсақ, қан-жоса етіп ұрып, аяқ-қолын, бас сүйегін сындырған. Азаматты жергілікті тұрғындар тауып, ауруханаға жеткізген. Ол науқастарды қабылдау бөлмесінде көз жұмды.

Олар ұрып-соғу кезінде арматура қолданған. Сот-медицинадық сараптамасы көрсеткендей, марқұмның аяқ-қолы сынып, басы жарылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама