Halyq Uni логотип
×

«Лайықты кандитат бар». Мәжіліс төрағасы президент сайлауына қатыспайтынын айтты

Мәжіліс спикері алдағы президент сайлауында Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтынын жеткізді

 Дәурен Ерболат 07.09.2022 | 14:37
«Лайықты кандитат бар». Мәжіліс төрағасы президент сайлауына қатыспайтынын айтты
Ерлан Қошанов, фото: Halyq Uni

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов күзде өтетін президент сайлауына қатыспайтынын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ол Amanat партиясы сайлауға өз кандидатурасын ұсынатынын атап өтті.

«Мен биылғы және бұдан кейінгі сайлауға қатыспайтынымды ресми түрде мәлімдеймін. Бірақ мен сайлауға қатысатын лайықты кандидатураны қолдаймын. Ол – Қасым-Жомарт Тоқаев. Ол келесі президент сайлауына қатысатын болса, мен сол кісінің кандидатурасын қолдаймын», - деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауға Amanat партиясы немесе басқа ұйымнан қатысатын-қатыспайтынын білмейтінін жеткізді.

Оны Президент өзі шешеді. Осыған дейін Amanat партиясы президенттің қоғамдық тірегі екенін жариялады. Сондықтан біз Президентті әрқашан қолдаймыз, - деді ол.

Еске салайық, 2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинап, ҚР президенті болып сайланды. 2019 жылы 12 маусымда Конституцияның 42-бабына сәйкес ант беріп, Мемлекет басшысының лауазымына кірісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама