Тұңғыш президент күні мерекесі алынып тасталуы мүмкін
Депутаттар жалпыхалықтық мерекені алып тастауды ұсынды
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Құжатты депутаттарға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев таныстырады.
Депутаттар Президенттің 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау үшін «Қазақстан мерекелері туралы» заңға мынадай түзетулер енгізді:
- 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау;
- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу.
«Сонымен қатар 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылады», - деп жазылған заң жобасында.