Қазақ паратаэквондошылары бір күміс, екі қола жүлде алды
Парижде әлемдік Гран-при турнирі мәреге жетті
Францияның астанасы Париж қаласында паратаэквондодан әлемдік Гран-при турнирі мәреге жетіп, Қазақстан құрамасы үш жүлдеге ие болды.
Таэквондо федерациясының хабарлауынша, отандастарымыздан атыраулық спортшы Нұрлан Домбаев күміс жүлдені иеленсе, Нышан Өмірәлі (Тараз) мен Кәмила Досмалова (Алматы) қола жүлдені жеңіп алды.
Париждің төрінде жайылған татамиде көптеген Олимпиада ойындарының чемпиондары мен әлем чемпиондарының қатысқаның ескерер болсақ, отандастарымыздың жүлдеге ілігіп, тиісті ұпайларын алғандары үлкен қуаныш, зор жетістік.