Halyq Uni логотип
×

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қоғамдық кеңесінің төрағасы сайланды

Кеңестің жаңа басшысы Марат Бәшімов болды

 Дастан Жұмабекұлы 07.09.2022 | 10:29
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Қоғамдық кеңесінің төрағасы сайланды
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысында кеңес төрағасы қайта сайланды. Ол Марат Бәшімов болды.

Бұл туралы ведомство хабарлады.

Бұған дейін бұл қызметті «Еqemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі атқарып, басқа лауазымға тағайындалуына байланысты өкілеттігін тоқтатқан болатын.

Сонымен қатар, Марат Бәшімов - кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық кеңесі төрағасының орынбасары.

Өз кезегінде Қоғамдық кеңестің жаңадан тағайындалған төрағасы әріптестеріне сенім білдіргендері үшін алғысын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екенін хабарлады.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарды жемқорлыққа қарсы күрестен тыс қалмауға және жемқорлықтың барлық белгілері туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығына 1424 номері бойынша хабарлауға шақырды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама