Бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр
Павлодар қаласының дәрігерлері тұрғын үйлердің бірінің сегізінші қабатының терезесінен құлаған екі жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр. Баланың жағдайы қиын. Ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Оқиға кеше сағат 11.17-де болған.
Қолда бар мәліметке қарағанда, балаға алғашқы жедел медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлер оны бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі балаға операция жасалғанын хабарлады.