×

Қарағанды облысында бір күнде 17 табиғи өрт тіркелді

10 учаскедегі жалын әзірге толық сөндірілген жоқ

 Халық үні 07.09.2022 | 06:17
ашық дереккөзден

Қарағанды облысында бір күнде 17 табиғи өрт тіркелді. Оның ішінде 10 учаскедегі жалын әзірге толық сөндірілген жоқ.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

6 қыркүйекте Қарағанды облысының аумағында 17 табиғи өрт тіркелді. Жалынның өршуіне жоғары ауа температурасы мен жылдамдығы 20 м/с жел себеп. Оның ішінде 7 өрт сөндірілді. Ал 10 өрт ошағы бақылауда. Атап айтқанда, қазір Шет ауданына қарасты Қызылтау елді мекенінде 300 гектар және өзге аумақтардағы аумағы 50 гектардан аспайтын 9 дала өрті сөндіріліп жатыр, - делінген хабарламада.

Құзырлы орган дерегінше, өрттерді сөндіруге 279 адам мен 78 техника жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама