Алматыда ағаштарға әдейі өрт қойып жүрген адамдардың видеосы пайда болды

Халық үні

Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта видео түсірілген жер анықталған.

ашық дереккөзден

Алматыда ағаштарды қасақана өртеп жүрген адамдардың видеосы пайда болды.  Әлеуметтік желіде жарияланған бұл видеодан белгісіз адамның жалынға оранып жатқан Көктөбенің баурайындағы ағаштарға от қойып жүргенін байқауға болады.

Алматыдағы өрт диверсия немесе қасақана қойылған болуы мүмкін. Бұл - елдегі өрттердің қастандық екеніне нақты дәлел, – деп жазған жазбамен бөліскендер. 

Полицейлердің айтуынша, қазіргі уақытта видео түсірілген жер анықталған.

Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап жатыр. Қаладағы бейнебақылау жүйелерінің деректері тексерілетін болады. Осы әрекетті жасаған тұлға анықталып, жауапқа тартылады, - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда тау баурайы мен Көктөбе саябағы маңында өрт шыққанын хабарлаған болатынбыз.