Ұлытау облысына газ тарту басталды
2025 жылдың соңында көгілдір отынмен толық қамтамасыз етіледі
Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бас директоры Мақсұт Хакім Қайырделдіұлы облысқа газ тарту мәселесін талқылады.
Кездесуде Жезқазған қаласының Бекболатсай мен Костанкелді ықшам аудандарын газбен қамту мәселесі қаралды. Бұл аудандарда газды жүргізу жұмыстары осы жылдың соңында толықтай аяқталады.
Сонымен бірге көгілдір отынмен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС филиалы – «Жезқазғантүстімет» ӨБ-ны орталық газ желілерімен қамту, Қаражал қаласы, Жәйрем кенті мен Жаңаарқа ауданына газ тарту талқыланды.
Кездесуде облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы тиісті мамандарға жоғарыда көрсетілген жұмыстар бойынша мемлекеттік құрылымдармен және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бірлесе отырып пысықтауды тапсырды.
Ал, жалпы газбен қамту жұмыстары толықтай 2025 жылдың соңында аяқтау жоспарланған.