Halyq Uni логотип
×

Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 14 млрд теңгеге жуық қарыз

Әсіресе республикалық маңызы бар қалалардың тұрғындары төлемей жүр

 Дәурен Ерболат 06.09.2022 | 17:30
Қазақстандықтар коммуналдық қызметтерге 14 млрд теңгеге жуық қарыз
Фото: inform.kz

2022 жылғы қыркүйекте қазақстандықтардың коммуналдық қызметтерге қарызы шамамен 14 млрд теңге болды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Биыл қыркүйекте тұтынушылардың коммуналдық қызметтер үшін берешегі – 13,8 млрд теңге. Ең үлкен дебиторлық берешек: Нұр-Сұлтанда – 2,5 млрд теңге, Алматыда 2,5 млрд теңге, Шымкентте – 1,7 млрд. теңге, - деді Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында.

Министрдің пікірінше, алдағы жылу беру маусымына уақытылы дайындалу үшін әкімдіктер төмендегі шараларды қабылдауы керек:

  • Белгіленген мерзімде елдімекендердің білім беру, денсаулық сақтау нысандарын, тұрғын үйлерін және инженерлік инфрақұрылымын дайындау бойынша барлық жөндеу жұмысының орындалуын қамтамасыз ету;
  • Көмір тапшылығын болдырмау үшін көмір жеткізушілерімен белсенді өзара іс-қимыл жасау;
  • Монополияға қарсы ведомствоның аумақтық бөлімшелерін тарту арқылы коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен тұрғындар үшін көмір бағасының заңсыз өсуін болдырмау;
  • Автономды қазандықтар үшін отынды уақтылы дайындау және қолда бар дебиторлық берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдау.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама