Тілсіз жау тұрғын үйлерге қауіп төндіріп тұр
Алматы қаласының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, табиғи өртті жоюға 100 адам жұмылдырылды.
Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің табиғи өрттерді жою бойынша біріккен жасағы – 100 адам, 8 бірлік техника Медеу ауданындағы Сәрсенбаев көшесіне жақын орналасқан, тау бөктеріндегі жанып жатқан құрғақ шөпті сөндіруде, – деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Департамент қызметкерлері өрттің тұрғын үйлерге таралу қаупі бар екенін ескертті.