Украинада соңғы тәулікте Ресейдің 500 солдаты жер жастанды

Дастан Жұмабекұлы

РФ 24 ақпаннан 6 қыркүйекке дейінгі аралықта  50 100 (+350) солдатынан айырылды

фото: slovoidilo.ua

Украина Қарулы күштері Ресейдің 500-ге жуық оккупантын жойып жіберді.

 Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украина әскерлері тәулікте Ресей армиясының Богородичное, Пасека, Долина, Бахмут, Покровское, Бахмутское, Пески, Первомайское елді мекендері аудандарындағы шабуылдарын қайтарып тастаған.

Ресей оккупациялық армиясы 24 ақпаннан 6 қыркүйекке дейінгі аралықта өзінің барлығы 50 100 (+350) солдатынан өлідей айырылды.

Осы кезге дейін басқыншылардың мұншама қару-жарағы мен техникасы жойылды:

танктер ‒ 2077 (+9)

жауынгерлік бронды машиналар ‒ 4484 (+25),

артиллериялық жүйе, РСЗО – 1179/296 (+22/2),

ПВО құралдары – 156 (+3),

ұшақтар – 236 (+1),

тікұшақтар – 207 (+1),

БПЛА жедел-тактикалық деңгейі – 876 (+9),

қанатты ракеталар – 209 (+4),

корабльдер /катерлер – 15,

автомобильдер мен автоцистерналар – 3305 (+19),

арнайы техникалар – 109 (+2).

Осы сағаттарда Ресей армиясының Запорожье АЭС территориясынан жан-жақты РСЗО-дан атқылап жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ басқыншылар Кривой Рогты атқылауда.