Halyq Uni логотип
×

Атырауда ата-аналар балалары оқитын мектепті екі ауысымға көшіруді талап етті

Мектепте 2 мыңға жуық бала білім алып жатыр

 Айнұр Асылбекқызы 05.09.2022 | 17:23
Атырауда ата-аналар балалары оқитын мектепті екі ауысымға көшіруді талап етті
Halyq Uni

Атырау қаласынде №2 мектеп үш ауысыммен оқиды. Бұл мектепте 2 мыңға жуық оқушы білім алып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Соған байланысты оқушылардың ата-анасы жиналып, сабақ уақытын 45 минуттан 40 минутқа азайтуды, мектепті екі ауысымға көшіруді талап етті. Немесе оның орнына үшінші ауысымдағы сабақ уақытын қысқартып, 7 пән емес, 6 сабақ өтуді ұсынып отыр.

«Менің үш балам мектепте оқиды. Бүгін осы жерге аптасына оқу күнін 6-дан 5 күнге қысқартуды сұрап шықтық. Немесе үшінші ауысымның сабақ санын қысқартуды сұраймыз. Себебі үшінші ауысым сабақтары 15:45-те басталып, 19:50-де аяқталады. Жылы кезде бұл қиын емес, алайда қыста бұл қиын болады», - ата-ана Ләйлә Ыбырайқызы.

Облыстық білім беру басқармасы басшысы Гүлнәр Сәдуақасова осы мәселеге байланысты уақыт беруді сұрады.

«Мектеп маңында көпқабатты үйдің көбеюіне байланысты мектепте бала саны да өсті. Оқушыларға мектепте орын жеткілікті болуы басты міндеттің бірі. Балалар осы мектепте оқитындықтан, оларды басқа аудандағы мектепке жібере алмаймыз. Одан бөлек біздің бір жылдай қашықтан оқыдық. Осы уақыт аралықта балалар саны да артты. Жарты жылдан кейін жаңа үлкен екі мектеп қолданысқа беріледі», – деді басқарма өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келесі жылдан бастап үш ауысымдық мектептерді есепке алмағанда, барлық мектеп бес күн жұмыс істейтінін хабарлады. 

«Бұл мектеп директорларына, мұғалімдерге және барлық қызметкерге де қатысты. Біз мұғалімдер сенбі күні демалуға тиіс деп санаймыз. Мұғалімдер сенбі күні өз балаларының қасында болуы керек. Бұл мектеп директорларына да, оқу меңгерушілеріне де қатысты», - деді оқу-ағарту министрі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама