Halyq Uni логотип
×

Президент жедел штаб отырысын өткізіп, өрт аумағын тікұшақпен аралап көрді

Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданған

 Динара Амантай 05.09.2022 | 14:04
Президент жедел штаб отырысын өткізіп, өрт аумағын тікұшақпен аралап көрді
Фото: @ptrkkz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келіп, өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұдан кейін Президент Қостанай облысында болған өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді. Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өртті ауыздықтау, елді мекендердегі азаматтарды эвакуациялау және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндамаларын тыңдады. Президент өңірдегі ахуалдың бақылауда екенін айтты. Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданған.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайдан тиісті сабақ алу қажет екенін атап өтіп, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына барлық ведомствоның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарымен Қостанай облысына ұшып келгенін хабарлаған болатынбыз.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама