Компания тағы да көмек көрсетеді. Олар тек жергілікті биліктен жауап күтіп отыр
Парламент Мәжілісінің депутаты Константин Авершин еріктілер мен кәсіпкерлер Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатқанын айтты.
Бұл туралы ол Facebook-те хабарлады.
Оның айтуынша, «Magnum желісі» Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге алғаш көмек қолын ұсынған компаниялардың бірі болған. Сонымен бірге ол Kaspi.kz компаниясы өрттен зардап шеккендердің несиесін кешіретінін айтты.
Қазір өрттен 200-ге жуық отбасы зардап шеккен.
3 қыркүйектен бері Kaspi.kz корпоративтік коммуникациялар департаментінің басшысы Маржан Елшібаевамен байланыстамыз. Ол несие кешірілетінін айтты, – деді депутат.
Авершиннің айтуынша, Kaspi.kz бұл туралы жариялағысы келмеді. Компания зардап шеккендерге тағы да көмек көрсетеді. Олар тек жергілікті биліктен жауап күтіп отыр.