Halyq Uni логотип
×

Kaspi.kz Қостанай облысында өрттен зардап шеккендердің кредитін кешіреді

Компания тағы да көмек көрсетеді. Олар тек жергілікті биліктен жауап күтіп отыр

 Дастан Жұмабекұлы 05.09.2022 | 13:53
Kaspi.kz Қостанай облысында өрттен зардап шеккендердің кредитін кешіреді
фото: ашық дереккөз

Парламент Мәжілісінің депутаты Константин Авершин еріктілер мен кәсіпкерлер Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге қалай көмектесіп жатқанын айтты.

Бұл туралы ол Facebook-те хабарлады.

Оның айтуынша, «Magnum желісі» Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккендерге алғаш көмек қолын ұсынған компаниялардың бірі болған. Сонымен бірге ол Kaspi.kz компаниясы өрттен зардап шеккендердің несиесін кешіретінін айтты.

Қазір өрттен 200-ге жуық отбасы зардап шеккен.

3 қыркүйектен бері Kaspi.kz корпоративтік коммуникациялар департаментінің басшысы Маржан Елшібаевамен байланыстамыз. Ол несие кешірілетінін айтты, –  деді депутат.

Авершиннің айтуынша, Kaspi.kz бұл туралы жариялағысы келмеді. Компания зардап шеккендерге тағы да көмек көрсетеді. Олар тек жергілікті биліктен жауап күтіп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама