Halyq Uni логотип
×

Қазақ каратэшілері бір алтын, екі қола жүлде алды

75 килода Нұрқанат Әжіқанов жеңімпаз атанды

 Дастан Жұмабекұлы 05.09.2022 | 13:23
Қазақ каратэшілері бір алтын, екі қола жүлде алды
фото: ашық дереккөз

Әзербайжанның астанасы Баку қаласында каратэден IV Премьер-лига аяқталып, әлемнің 58 елінен келген 348 спортшы арасынан Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 қола жүлде иеленді.

Алтын жүлдені 75 килода сынға түскен ақтөбелік каратэші Нұрқанат Әжіқанов жеңіп алды. Қола медальге  Қайсар Алпысбай (60 кг) мен Дидар Әмірәлі (67 кг) ие болды.

Әр салмақта әлемнің мықты 32 каратэшісі ғана қатысатын бұл жолғы додада Жапония мен Әзербайжан құрамалары әрқайсысы 3 алтын жүлдені алды. Египетте 2 алтын медаль бар. Қазақстан, Украина, Венесуэла мен Франция каратэшілері бір-бір алтын жүлдеге ие болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама