Дзюдо: Қазақстанның қоржынына қос жүлде түсті
Отандастарымыз күміс пен қола медаль алды
Бұл күндері Австрияның Оберварт қаласында дзюдодан ашық Еуропа кубогы болып жатыр.
Бұл туралы Judo News Online хабарлады.
38 елден келген спортшылар арасында Қазақстан құрамасының балуандары да бар. Осы жарыста ел қоржынына екі жүлде түсті.
Нақты айтар болса, 66 килода сынға түскен Ермек Амангелді күміс жүлдені алды. Бұл салмақта алтын медаль Түркіменстан балуаны Хеким Агамаммедовқа бұйырса, қос қола жүлде Ниедарланды мен Грузия балуандарының еншісінде.
Сондай-ақ 60 килода бағын сынаған тағы бір балуанымыз Шерзод Давлатовқа бұйырғаны қола жүлде болды. Бұл салмақта да топ жарған Түркіменстан елінің өкілі Хакберді Жұмаев. Күміс медальді француз Ричард Вигнерс иеленсе, екінші қола жүлдеге чех Давид Пулкрабек ие болды.