Halyq Uni логотип
×

Таэквондошылар гран-при турнирінде татамиге шығады

Жеңімпаздар жекпе-жекте кездеседі

 Дастан Жұмабекұлы 05.09.2022 | 12:12
Таэквондошылар гран-при турнирінде татамиге шығады
фото: ашық дереккөз

Бұл күндері Францияның астанасы Париж қаласында таэквондодан әлемдік Гран-при турнирі болып жатыр.

2 қыркүйек күні басталған дода жалғасын тауып, әйелдер 49, 57, 67 килода, ерлер 58, 68 және 80 килода бақтарын сынады. Өкінішке қарай, ел намысын қорғаған Самирхон Абабакиров (58 кг), Әділет Базарбаев (68 кг) мен Нұрлан Мырзабевтар (80 кг) жүлде ала алмады. Бұл салмақтарда Таиланд, Қытай, Франция, Италия, Испания және Кот-д'Ивуар елінің өкілдері алтын жүлдеге ие болды.

Енді жарыс жолына ұлттық құрама сапындағы жалғыз қызымыз, Токио Олимпиадасына қатысушы, Азия ойындары мен жазғы Универсиаданың күміс, Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері Жансел Дениз (+67 кг) бен 80 кило аса салмақтағы қос спортшымыз – Токио Олимпиадасына қатысушы, Дүниежүзілік әскери ойындардың жеңімпазы, Азия чемпионатының күміс, Азия ойындарының қола жүлдегері Руслан Жапаров пен көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы Смайыл Дүйсебайлар шығады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама