Тоқаев Қостанайға барды
Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Сапар барысында Әулиекөл ауданындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады. Алдымен Қостанайдан 80 шақырым қашықта орналасқан, өрттен кейінгі Новонеженка ауылына барып, малын шығарып, күнделікті тірлігіне кірісе бастаған тұрғындармен сөйлеспек.