COVID-19 жұқтырғандардың саны төмендеді

Дәурен Ерболат

10 науқастың жағдайы өте ауыр

Фото: delfi.lt

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны төмендеп жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 197 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 57,
  • Алматыда – 25,
  • Шымкентте – 1,
  • Ақмола облысында – 20,
  • Ақтөбе облысында – 5,
  • Алматы облысында – 2,
  • Жетісу облысында – 1,
  • Атырау облысында – 5,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2,
  • Абай облысында – 1,
  • Жамбыл облысында – 5,
  • Батыс Қазақстан облысында – 9,
  • Қарағанды облысында – 31,
  • Ұлытау облысында – 1,
  • Қостанай облысында – 14,
  • Қызылорда облысында – 2,
  • Маңғыстау облысында – 12,
  • Павлодар облысында – 3,
  • Түркістан облысында – 1.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 390 109-ға жетті. 

Сондай-ақ 281 адам коронавирустан айықты:

  • Нұр-Сұлтанда – 3,
  • Алматыда – 33,
  • Жетісу облысында – 6,
  • Батыс Қазақстан облысында – 43,
  • Қарағанды облысында – 86,
  • Ұлытау облысында – 1,
  • Қостанай облысында – 65,
  • Қызылорда облысында – 5,
  • Маңғыстау облысында – 16,
  • Павлодар облысында – 23.

Қазақстанда барлығы 1 359 538 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

4 қыркүйектегі мәлімет бойынша 17 178 адам коронавирустан емделуде.

Оның ішінде 435 пациент стационарда, 16 743 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 9 адамның жағдайы ауыр, 10 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «Қызыл» және «сары» аймақтарда тұрған өңір жоқ;
  • «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше 365 адамнан COVID-19 табылған еді.