COVID-19 жұқтырғандардың саны төмендеді
10 науқастың жағдайы өте ауыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны төмендеп жатыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 197 дерегі тіркелді:
- Нұр-Сұлтанда – 57,
- Алматыда – 25,
- Шымкентте – 1,
- Ақмола облысында – 20,
- Ақтөбе облысында – 5,
- Алматы облысында – 2,
- Жетісу облысында – 1,
- Атырау облысында – 5,
- Шығыс Қазақстан облысында – 2,
- Абай облысында – 1,
- Жамбыл облысында – 5,
- Батыс Қазақстан облысында – 9,
- Қарағанды облысында – 31,
- Ұлытау облысында – 1,
- Қостанай облысында – 14,
- Қызылорда облысында – 2,
- Маңғыстау облысында – 12,
- Павлодар облысында – 3,
- Түркістан облысында – 1.
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 390 109-ға жетті.
Сондай-ақ 281 адам коронавирустан айықты:
- Нұр-Сұлтанда – 3,
- Алматыда – 33,
- Жетісу облысында – 6,
- Батыс Қазақстан облысында – 43,
- Қарағанды облысында – 86,
- Ұлытау облысында – 1,
- Қостанай облысында – 65,
- Қызылорда облысында – 5,
- Маңғыстау облысында – 16,
- Павлодар облысында – 23.
Қазақстанда барлығы 1 359 538 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
4 қыркүйектегі мәлімет бойынша 17 178 адам коронавирустан емделуде.
Оның ішінде 435 пациент стационарда, 16 743 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 9 адамның жағдайы ауыр, 10 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- «Қызыл» және «сары» аймақтарда тұрған өңір жоқ;
- «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
Айта кетейік, кеше 365 адамнан COVID-19 табылған еді.