Ол түрлі жылдары президент әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарған
Есеп комитетінің мүшесі Әділғазы Бергенев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Telegram-дағы Борт N1 арнасы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділғазы Сәдуақасұлы Бергенев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі лауазымынан босатылды, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Әділғазы Бергенев 1958 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Шелехово ауылында дүниеге келді
Түрлі жылдары президент әкімшілігінде жауапты қызметтер атқарған, Семей қаласының әкімі, Шығыс Қазақстан облысының әкімі, әкімнің орынбасары, бірінші орынбасары болған.