Halyq Uni логотип
×

Қостанай облысында тұтанған өрт тағы бір елді мекенге жетті

Алапат өрт Бағаналы ауылына жеткен. 

 Халық үні 05.09.2022 | 00:12
Қостанай облысында тұтанған өрт тағы бір елді мекенге жетті
Фото: ҚР ТЖМ

Қотанай облысында 4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты, орман шаруашылығының жалпы ауданы 107 257 га құрайды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Озерное а. (250 адам), Аманқарағай а. солтүстік бөлігінен (1000 адам), Калинино а. (228 адам) және Лесное а. (363 адам) 1841 адам эвакуацияланды.

Жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланғандарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастырды, 20.00-де эвакуациялық пункттерде 66 адам бар, қалғандары өз үйлеріне оралып, туысқандарына орналастырылды.

ТЖМ жедел желісі ашылды, ТЖМ  және Қостанай облысының ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды.

ТЖМ жедел желісіне ақпараттық сипаттағы 30 қоңырау келіп түсті.  Сондай-ақ Қостанай облысы ТЖД 2 психологы, Қостанай облысы ПД 3 психологы және Сарыарқа Автотром ЖШС 3 психологы Әулиекөл ауданының эвакопунктінде халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсетеді.

Новонеженка ауылында ҚР ТЖМ 52859 ә/б күшімен зардап шеккен халықты қабылдау үшін шатырлар тігілді.

Сағат 20.00-де Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдары ауданындағы 4 учаскеде, сондай-ақ орман аймағында өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде, делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында су ағызу құрылғылары бар ҚР ҚМ 3 әуе кемесі дайындықта тұр.

Бұдан басқа, Нұр-Сұлтан қаласында Мәжіліс депутаттарының бастамасы бойынша зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсететін колонна құрылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама