Halyq Uni логотип
×

Алматыда 3 ер адам қызды көлікке күштеп отырғызған: полиция түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде Алматыда болған қыз алып қашу оқиғасының видеосы тарады.

 Халық үні 04.09.2022 | 22:26
Алматыда 3 ер адам қызды көлікке күштеп отырғызған: полиция түсініктеме берді
Фото: inbusiness.kz

Әлеуметтік желіде Алматыда болған қыз алып қашу оқиғасының видеосы тарады.

Әлеуметтік желіде жүргізуші жолда Hyundai көлігін тоқтатып, көліктен қызды шығарып жіберуді сұраған видео тарады. Видео авторының айтуынша, қызды көлікке күштеп отырғызған. Алматы қаласы полиция департаменті болған оқиғаға қатысты пікрі білдірді.

Жазба алматылық Анастасия Беручеваның Facebook-тегі парақшасында пайда болды.  

Көлікке 3 ер адам қызды күштеп отырғызған. Фурмонова көшесі, Шевченко мен Абайдың арасы! Видео 18:04-те түсірілген, - деп жазған қыз.

Оқиғаның қатысушылары мен мән-жайы анықталды.Аталған факті бойынша қала полициясы түсініктеме берді.

Көлікті «Боран-266» экипажы қаланың Наурызбай ауданы аумағында ұстады. Көлікте төрт адам болды, оның ішінде 28 жастағы А. есімді қыз да бар. Ол ұлттық дәстүрді сақтай отырып, күйеу жігіттің көлігіне өз еркімен отырғанын айтты. Бастапқы материалды жинақтау толық көлемде жүргізілді, - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама