«Метро мен вокзалда түнейді»: Алматыда үй-күйсіз жүрген студенттердің видеосы тарады
1 бөлмелі пәтерді жалдау құны орташа есеппен 150 мың теңге, 2 бөлмелі пәтер 250 мың теңге, үш бөлмелісі 320 мыңға жеткен
Жалға берілетін пәтер бағасының қымбаттауынан Алматыға келген студенттер көшеде, метро мен вокзалда түнеуге мәжбүр. Бұл туралы блогер Ғабит Тоқсанбаев әлеуметтік желіде хабарлады.
Жастар болашағымыз дегені құр ұран екені мына видеодан көрініп тұр. Алматыда жататын орын іздеп жүрген студенттер көп.Сұрау жүргізгенде көбісі метрода, вокзалда, көшедегі орындықта түнеп жүргені белгілі болды. Пəтер ақысы 200-мың теңге, оны қалталары көтермейді, -деп жазды ол.
Бұдан бұрын krisha.kz хабарлағандай, тамыздың алғашқы онкүндігінде Алматыда пәтер жалдау құны маусыммен салыстырғанда 15% өскен. Сонымен 1 бөлмелі пәтерді жалдау құны орташа есеппен 150 мың теңге, 2 бөлмелі пәтер 250 мың теңге, үш бөлмелісі 320 мыңға жеткен.
9 тамызда Алматыда жалдамалы пәтердің 1 шаршы метрі 4900 теңгені құрады. 2 бөлмелі пәтерді жалдау құны айтарлықтай қымбаттады, тамызда баға бірден 25%-ға өскен. Бір бөлмелі пәтерлер 7%, 3 бөлмелі пәтерлер – 14% қмыбаттаған, - делінген хабарламада.