Қазақстандықтар жаппай көмек көрсете алуы үшін қор құрылды.
Қостанай өңірінде өрттен зардап шеккен тұрғындарға көмек беруге арналған бірыңғай қоғамдық қор құрылды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстандықтар жаппай көмек көрсете алуы үшін құрылған қор мәліметтері мынадай:
«Қайырымдылық KZ» ҚҚ
БИН 220640046689
ИИК KZ82601 A22100 1568 401
«Қазақстанның халық банкі» АҚ БИК HSBKKZKX
Кбе 18
Зардап шеккендерге көмек беруді желеу етіп, қаражат жинауда алаяқтық әрекеттерді болдырмау үшін жергілікті әкімдік осы көрсетілген реквизиттерге ғана аударымдар жасауды сұрайды.
Бұған дейін Қостанай жұртшылығына еліміздің барлық азаматтары қолдау көрсете алатын қор ашу жоспарланып отырғанын хабарлаған едік.
Бүгінгі таңдағы ақпарат бойынша, өрттен 108 ғимарат зардап шекті. Оның ішінде 98 үй толығымен өртенді. Ірі кәсіпорындар мен шағын бизнес те көрсетілетін көмектен шет қалмайды. Зардап шеккендерге барлық жағынан қолдау жасалады. Жақын күндері Қостанай жұртшылығы қазақстандықтар жаппай қолдау көрсете алатын қор ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлаған болатын жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі.