Халық банк өрттен зардап шеккен отбасыларға 1 млн теңге ақшалай көмек береді

Динара Амантай

Банктен алынған несиелері де кешіріледі

Фото: Halyq Uni

Қостанай облысында өртенген үйлердің отбасыларына Халық банкінен бір миллион теңге беріледі. Бұл туралы Банктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жарияланды.

Халық банкі Қостанай облысында өртенген үйлердің тұрғындарына әр отбасына 1 миллион теңгеден ақшалай көмек жібереді. Үйінен айырылған адамдар күш-қуатын жинап, алған қаражатын ең қажетті заттарға – үй жалдау, киім-кешек, азық-түлік және ең қажетті тауарларды сатып алуға жұмсауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, банк басшылығы өртенген үйлердің барлық иелеріне Халық банкінен бұрыннан бар несиелерді есептен шығару туралы шешім қабылдады. – делінген әлеуметтік желіде жарияланған жазбада.

Банк басшылығы мен ұжымы өрттің жойқын зардаптарынан зардап шеккен Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарының барша тұрғындарына шын жүректен жанашырлықпен қарайды және жақын арада олардың өмірлері қалпына келетініне сенім білдіреді.