Қазақстанда өрттен зардап шеккен халыққа көмек көрсету акциясы басталды
Қаражат пен қажетті заттарды жинау үшін жедел штабтар құрылды
Қостанай облысы Әулиекөл ауданында болған табиғи өрт апатына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы өрт салдарынан зардап шеккен халыққа көмек көрсету акциясын бастады. Бұл туралы Ассамблеяның баспасөз қызметі хабарлады.
4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және барлық облыстардың Достық үйлеріндегі волонтерлік орталықтардың базасында қаражат пен қажетті заттарды жинау үшін жедел штабтар құрылды.
Келіп түскен ақпарат бойынша эвакуацияланған азаматтар азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен және төсек-орынмен қамтамасыз етілген.
Зардап шеккен азаматтарға үйлерін, қожалықтарын, киімдері мен тұрмысқа керек заттарын қалпына келтіру қажет. Осыған байланысты қаражат жинау басымдылықта екенін түсініп, оны арнайы ашылған есеп айырысу шотына жіберсеңіздер болады: 8 747 482 64 49. Бұл жұмысты үйлестіру «Қоғамдық келісім» РММ-ға жүктелді, – делінген хабарламада.
Гуманитарлық көмекті жинау (киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық құралдар, төсек-орын жабдықтары) кезінде туындаған сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: 8-705-558-05-08 – Рамазанова Наталья Сергеевна, Қостанай облысының әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ Қоғамдық даму департаментінің басшысы.