Түркістан облысында да орман өртенді
Орман алқабының шамамен 10 га жуық жері отқа оранды
Түркістан облысында орман тоғай алқабынан шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, 3 қыркүйекте сағат 12 сағат 52 минут шамасында Отырар ауданы, Көксарай ауыл округі, Шеңгелді ауылы тұсында орман тоғай алқабының жануы бойынша Өрт сөндіру бөлімінің №101 номеріне хабарлама түсті.
Оқиға орнына «Сырдария-Түркістан» орман шаруашылығы мекемесінен 35 адам, 2 өрт сөндіру автокөлігі, Өрт сөндіру бөлімінен 30 адам 2 өрт сөндіру техникасы мен 1 нива, Полиция бөлімінен 2 адам, 1 техника, ауыл округі әкімшілігінен 5 адам 1 арнайы техника жұмылдырылып, өрттің беті сағат 17.40 шамасында қайтты, сағат 21.43 шамасында өрт толығымен өшірілді, – делінген хабарламада.
Орман алқабының шамамен 10 га жуық жері өртенген. Адам шығыны болған жоқ.
Қазір «Сырдария-Түркістан» орман шаруашылығы мекесінің 4 техникасы мен 35 адам өрт жанған алқапқа бақылау жұмыстарын жүргізу үшін кезекшілік ұйымдастырып жатыр.