Жетісу облысында аудан әкімі қайтыс болды

Динара Амантай

Ол 53 жасында өмірден озды

Фото: Жетісу облысы әкімдігі

Жетісу облысы Сарқан ауданының әкімі Талғат Қайнарбеков өмірден озды. Ол 53 жаста еді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол адамгершілігімен, кәсіби қасиеттерімен ерекшеленетін. Қай істің тізгінін қолына алса да өте елгезек және жұмысына аса жауапкершілікпен қарайтын жан еді.

Қайғылы жағдайға байланысты марқұмның отбасына, туыс-туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз! – делінген хабарламада.

Талғат Қайнарбеков Сарқан ауданының Новопокровка ауылында дүниеге келген. Әр жылдары Талдықорған әкімінің орынбасары, Текелі және Қапшағай (Қонаев) әкімі қызметтерін атқарған. 2020 жылғы мамырдан бастап Жетісу облысы Сарқан ауданын басқарған.