×

Полицей аң аулау кезінде танысын атып жіберген

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды

 Динара Амантай 04.09.2022 | 10:03
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкері аң аулау кезінде танысын атып жіберген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ақпараттық порталы хабарлады.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша қылмыстық іс тергелді.

3 қыркүйек күні Хромтау ауданының кезекші бөліміне бір ер адам аң аулау кезінде өзінің танысын байқаусызда атып алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкері демалыс күнінде танысымен аңшылыққа барған. Аң аулау кезінде байқаусызда өзіне тиесілі қарумен танысын атып алған, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған, – делінген хабарламада.

Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама