Қостанай облысында төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін
Осылайша, тұрғындар өрттен келген шығынды өтей алады
Қостанай облысының әкімдігі жергілікті жерде төтенше жағдай жариялау мәселесін қарастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz.
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 58-бабына сәйкес азаматтардың табиғи төтенше жағдайдың салдарынан келтірілген залалды өтеуге құқығы бар.
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар эвакуацияланғандарды Әулиекөл орта мектебі мен Әулиекөл мектеп-интернатына орналастыруды, азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырды.