×

Тоқаев алапат өртке қарамастан Қостанай облысына жұмыс сапарымен барады

Қазір Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр

 Халық үні 03.09.2022 | 21:56
фото: azattyq

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйектегі жұмыс кестесіне сәйкес Торғайға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Фейсбуктегі парақшасында жазды. 

«Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қостанай облысындағы өртке байланысты Мемлекет басшысының осы өңірге жоспарланған сапары бола ма?» - деген сауалдар келіп жатыр. Қалыптасып отырған жағдайға қарамастан, Президент өзінің берген сөзінен таймай, 5 қыркүйектегі жұмыс кестесіне сәйкес Торғайға жұмыс сапарымен барады.

Қазір Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдайды өңірге арнайы барған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған жедел топ қадағалап отыр», - деп жазды Руслан Желдібай.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама