×

Тоқаевтың Торғайға баруы үшін өңірдегі өртті сөндіруге Ильиннің өзі аттанды (ФОТО)

«Қостанай облысындағы өртке байланысты мемлекет басшысының осы өңірге жоспарланған сапары бола ма?» деген сауалдар келіп жатыр

 Еркеғали Болатұлы 03.09.2022 | 14:16
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйекте Торғайға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қостанай облысындағы өртке байланысты мемлекет басшысының осы өңірге жоспарланған сапары бола ма?» деген сауалдар келіп жатыр. Қалыптасып отырған жағдайға қарамастан, президент өзінің берген сөзінен таймай, 5 қыркүйектегі жұмыс кестесіне сәйкес Торғайға жұмыс сапарымен барады, - дейді Руслан Желдібай.

Оның айтуынша, қазір Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жағдайды өңірге арнайы барған Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған жедел топ қадағалауға алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама