Halyq Uni логотип
×

Тамара Дүйсенова ең төменгі жалақының қашан көтерілетінін айтты

Дүниежүзілік банктің сарапшыларын тарта отырып, зерттеу жүргізу жоспарланған

 Дәурен Ерболат 03.09.2022 | 12:57
Тамара Дүйсенова ең төменгі жалақының қашан көтерілетінін айтты
Фото: tengrinews.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ең төменгі жалақының қашан көтерілетінін түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Айта кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырған болатын. Нәтижесінде 1,8 млн адамның табысы артады деп жоспарланып отыр. Тамара Дүйсенова тапсырманы орындау үшін алдымен есеп-қисап жүргізу керектігін атап өтті.

Оны орындау үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына ең төменгі еңбекақы көлемін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін өсіру туралы қыркүйекте өзгеріс енгізіледі. Ал ең төменгі еңбекақыны анықтау және оны кезең-кезеңімен өсіру методикасын әзірлеу үшін Дүниежүзілік банктің сарапшыларын тарта отырып, зерттеу жүргізуді жоспарлап отырмыз. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жаңа методиканы 2023 жылғы наурызға дейін дайындаймыз. Ал келісілген методиканы және ең төменгі еңбекақыны арттыру механизмдері 2023 жылғы желтоқсанға дейін ең төменгі әлеуметтік стандарттар туралы заңға және еңбек кодексіне енгізіледі, - деді министр Үкімет отырысында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама