×

Шетпе-Жетібай тас жолындағы апаттан жолаушылар түгел көз жұмды

LADA көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, автоцистерна көлігімен соқтығысқан

 Еркеғали Болатұлы 03.09.2022 | 12:30
фото: ашық дереккөз

Кеше Маңғыстау облысындағы Шетпе-Жетібай тас жолында алапат апат болды. Соның салдарынан жеңіл көлікте ешкім аман қалмаған.

Айта кетсек, LADA көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, автоцистерна көлігімен соқтығысқан. Оқиға орнында жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты.

Жалпы, бұл Шетпе мен Жетібайдың арасы – 68 шақырым. Апат болған жолдың Шетпеге кіретін бөлігі бірқалыпты, ал Жетібайға апаратын қарсы жолақ төмен түсіп кеткен. Былтыр өлшегіш құрал асфальттың кей жері 18, тіпті 24 милиметрге дейін ойылып тұрғанын көрсетіп берген еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама