Жаңа министр Дархан Қыдырәлі ант берді
Премьер-министр ведомство басшысына табыс тіледі
Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ант берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным – Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін, - деді Дархан Қыдырәлі.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов жаңа министрді қызметімен құттықтады.
«Дархан Қуандықұлы, жауапты қызметіңізге табыс тілейміз», - деді премьер-министр.
Айта кетейік, осыған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін Асқар Омаров атқарған еді.