«Халық қабылдамады». Депутаттар Астана атауын қайтаруды ұсынды

Айнұр Шошаева

Конституциялық өзгерістерді пайдаланып қала атын ауыстыру керек деп есептейді депутаттар 

Парламент Мәжілісіндегі «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшесі Еділ Жаңбыршин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауына қатысты пікір білдірді.

Конституциямызға өзгеріс енгізетін болсақ, онда осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені енгізу керек. Ол – елорданың атын қайта қайтару. Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және қаланың жаңа атауын халық та қабылдамады. Сондықтан тұңғыш президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру – тарихи әділдік болар еді. Бұл – тұңғыш президенттің бас қаламыздың құрылысын салдырудағы еңбегін де бағалау және халқымыздың ұсыныс-пікірін де ескеру, - деді ол.