Асқар Омаров осыған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды
Мемлекет басшысы Асқар Омаровты Орталық коммуникациялар қызметінің директоры етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Асқар Омаров осыған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметін атқарды.