Белгісіз ер адам Аргентина вице-президентінің басына тапанша тақады
Күдікті Бразилия азаматы болып шықты
Аргентина вице-президенті Кристина Фернандес де Киршнерге қастандық жасалды.
Бұл туралы Daily Mail басылымы хабарлады.
Аргентина вице-президенті қастандықтан аман қалды. Белгісіз ер адам оның басына тапанша тақаған.
Оқиға де Киршнердің Буэнос – Айрестегі үйінен шығып келе жатқан кезде болған. Кеше ол 2007-2015 жылдар аралығында президент болған кезде сыбайлас жемқорлыққа қатысты деп айып тағылған сот отырысына қатысқан. Вице-президент өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарды.
Оған қару тақаған 35 жастағы ер адам екені белгілі болды. Ол – Бразилия азаматы. Видеода оның көпшілік арасында тұрып, 32 калибрлі «Берса» тапаншасын Киршнерге тақағанын, бірақ оқ атпағанын көруге болады. Ер адамды күзет қызметкерлері ұстап, қамауға алды.