×

Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатында екінші айналымға шықты

Финалға аз қадам қалды

 Дастан Жұмабекұлы 02.09.2022 | 16:12
фото: ktf.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

Данилина бразилиялық Хаддад Майямен бірге алғашқы айналымда сербиялық Александра Крунич пен Польша өкілі Магда Линетпен ойнады. Қазақстандық-бразилиялық дуэт 6:2, 7:6 (7:4) есебімен басым түсті.

Анна Данилина мен Беатрис Хаддад Майя екінші айналымда испаниялық Алена Большова мен норвегиялық Ульрикке Эйкеримен сынға түседі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама