Halyq Uni логотип
×

Аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады

Сайлау қанатқақты режимде өткізіледі

 Дастан Жұмабекұлы 02.09.2022 | 16:06
Аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдері сайланады
фото: ашық дереккөз

2023 жылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізіледі.

 Бұл туралы Әділет вице-министрі Алма Мұқанова айтты.

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды. Осы құжатта аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауға қатысты тиісті нормалар ескерілген.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін тағайындау Мемлекет басшысының баламалы негізде мәслихат қарауына кемінде екі кандидатура ұсынуы арқылы іске асырылады. Сонымен бірге жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес, жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Былтыр ауылдар мен кенттер әкімдерін сайлау өткізілді. Енді келесі жылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау өткізілетін болады, – деді А. Мұқанова.

Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама