×

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспардан тыс тексеру жүріп жатыр

Бұған дейін 5 млн теңгеден астам айыппұл салынған

 Халық үні 02.09.2022 | 09:57
Фото: ашық дереккөз

Атырау қаласында бірнеше күннен бері жағымсыз иіс жайлап, тұрғындар бас ауруына, әлсіздікке шағымданып жатыр. Осыған байланысты облыстық экология департаменті Атырау мұнай өңдеу зауытын жоспардан тыс тексеруді бастады. Сарапшылардың айтуынша, бұл мұнай өнімдерінен шығып жатқан жағымсыз иіс.

Зертхана желдің бағыты бойынша атмосфералық ауаны бақылайды. Ал жел қазір оңтүстік-батыс, яғни зауыт жақтан соғып тұр, - дейді облыстық экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.

Еске салайық, Атырау мұнай өңдеу зауытына бұған дейін де талай рет тексеру жүргізілген. Тіпті, осыдан бір ай бұрын жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижесінде жалпы сомасы 5 млн теңгеден астам айыппұл салған. Тексеру барысында механикалық тазарту құрылғылары аумағында булану кезінде қаланың атмосфералық ауасына теріс әсер ететін ластаушы заттар бөлінетін ашық типті тұнбалары бар су қоймалары мен тоғандар бар екені; «АМӨЗ» ЖШС 2021-2023 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар жоспарының қоршаған ортаға эмиссияларға қатысты тармақтарының бірін орындамағаны және т.б. анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама