Halyq Uni логотип
×

Коронавирус жұқтырғандар саны бір күнде 2 есе өсті

Бүгінде 17 мыңнан аса адам аурудан емделіп жатыр

 Дәурен Ерболат 02.09.2022 | 09:06
Коронавирус жұқтырғандар саны бір күнде 2 есе өсті
Фото: society.comments.ua

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны бір күнде 2 есе өсті, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 431 дерегі тіркелді:

  • Нұр-Сұлтанда – 66,
  • Алматыда – 34,
  • Шымкентте – 3,
  • Ақмола облысында – 53,
  • Ақтөбе облысында – 17,
  • Алматы облысында – 4,
  • Жетісу облысында – 7,
  • Атырау облысында – 11,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 9,
  • Абай облысында – 3,
  • Жамбыл облысында - 13,
  • Батыс Қазақстан облысында – 44,
  • Қарағанды облысында – 46,
  • Ұлытау облысында – 2,
  • Қостанай облысында – 41,
  • Маңғыстау облысында – 13,
  •  Павлодар облысында – 27,
  •  Солтүстік Қазақстан облысында – 36,
  • Түркістан облысында – 2.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 389 120 жетті. 

Сондай-ақ 454 адам COVID-19-дан айықты:

  • Алматыда – 38,
  • Атырау облысында – 21,
  • Шығыс Қазақстан облысында – 21,
  • Абай облысында – 21,
  • Жамбыл облысында – 112,
  • Батыс Қазақстан облысында – 21,
  • Қарағанды облысында – 143,
  • Ұлытау облысында – 1,
  • Қызылорда облысында – 1,
  • Маңғыстау облысында – 21,
  • Павлодар облысында – 54.

Елімізде барлығы 1 358 340 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  • «Қызыл» және «сары» аймақта тұрған өңір жоқ;
  • «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Абай, Батыс Қазақстан,  Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама