Қазір Тәжікстанда орыс тілінде оқытатын 39 мектеп бар
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон елде 2023 жылды орыс тілінің жылы деп жариялады.
Бұл туралы ол Ресей президенті Владимир Путинмен өткізген әңгімелесуінде мәлімдеді.
Біз орыс тілін дамытуға барынша мән береміз,—деді Эмомали Рахмон.
Айтуынша, қазір Тәжікстанда орыс тілінде оқытатын 39 мектеп бар. Онда 27 мыңнан астам оқушы білім алады.