Ол 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылатынын айтты.
Біз 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартамыз. Балалардың ең маңызды шағында – сәби кезінде ата-аналары жанында көбірек болады, – деді ол жолдауда.
Президент жолдауында Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аударылатыны туралы айтылған болатын.