×

Ұлттық қордан бір баланың шотына неше теңге түседі?

Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ доллары жиналады

 Дастан Жұмабекұлы 01.09.2022 | 17:03
фото: ашық дереккөз

Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша, елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотына кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады, –  деді ол.

Еске сала кетсек, бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Ұлттық қор табысының тең жартысын балалар шотына аударуды ұсынып, ал «Самұрық-Қазына» қорына түскен пайданың кемінде 7 пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудару керектігін айтқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама