Білім ордасында екі ауысымда 4 мың оқушы оқиды
Астанада Ыбырай Алтынсарин атындағы BINOM мектебі ашылды. Бұл – BINOM-ның Нұр-Сұлтан қаласында ашылған бесінші мектеп-лицейі.
Оның ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев және «Білім болашағы» коммерциялық емес ұйымының өкілдері қатысты.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің хабарлауынша, енді BINOM оқу орындарына білім мен ғылымның дамуына үлес қосқан ұлы тұлғалардың есімдерін алатын болады.
Мектеп-лицейде оқыту екі тілде жүргізіледі. Онда екі ауысымда 4 мың оқушы оқиды, – делінген хабарламада.
Нұр-Сұлтанда 3 жылда 34 мектеп салынды. Оқу орындарының құрылысы қаланың барлық ауданында болып жатыр. Елордада 2022 жылы тағы 11 мектеп салынады. Осылайша 20 мыңнан астам оқушы орны ашылады.
Сонымен қатар, елордада мектеп салу үшін 72 жер учаскесі белгіленді. Жалпы алаңы 120 мың оқушы орнына (екі ауысымда 240 мың оқушы орны) арналған оқу орындарын салуға мүмкіндік береді.
Бұл жер учаскелері әлеуметтік нысандарға қажеттілікті ескере отырып, қаланың барлық ауданында орналасқан. Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарына әрбір ауданда (шағын аудандарда) оқу орындары болуы үшін арнайы бағыт бекітілді.